jasqazaq.kz

Ақмола облысында жолда қалған 224 адам құтқарылды

06 ақпан 2019, 12:14

Ақмола облысында қатты аяз бен боран кезінде жолда қалған 224 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, 5 ақпанда құтқару жұмыстары Бурабай, Біржан сал, Жақсы, Атбасар, Шортанды, Ерейментау және Целиноград аудандары аумағында жүргізілді. Оған ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 12 арнайы техникасы, жергілікті атқару органдарынан 6 адам және 3 техника, жергілікті полиция қызметінен 2 адам және 2 техника жұмылдырылған. «Бурабай ауданы аумағында таңғы сағат 09:12 де «Астана-Петропавл» тас жолының бойында, яғни, Кенесары ауылынан 2 шақырым жерде бір жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды. Сол күні сағат 14:30 «Щучинск-Астана» тас жолының бойында «Екатеринбург — Сарыағаш» бағытында жүріп бара жатқан «Setra» автобусы істен шығып, 21 жолаушы (оның 14-і тәжікстандық, 4-і ресейлік, 3-і қазақстандық) қауіпсіз жерге жеткізілді. Ал сағат 15:45 те осы жолдың бойында «Түмен — Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар автобусындағы 20 адамға (2 қазақстандық жүргізушіден басқа, жолаушылардың барлығы Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары) көмек көрсетілді», деп көрсетілген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Біржан сал ауданы аумағында сағат 10:00 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 167 шақырымында «Van hool» автобусы істен шыққаны туралы хабар түскен. Кейін анықталғандай «Сарыағаш-Екатеринбург» бағытындағы автобуста Өзбекстан Республикасының 40 азаматы мен 2 қазақстандық жүргізуші болды. Істен шыққан автобустағы жолаушылардың барлығы Қоғам ауылындағы орта мектепке жайғастырылып, ыстық тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді. Ал, сағат 14:30 және 23:30 аралығында «Астана-Шідертті» тас жолының бойында барлығы 68 адам мен 10 техника құтқарылған. Шортанды ауданы аумағында 14:41 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 74 шақырымында жолда қалған 20 адамға көмек көрсетілді. «Сонымен қатар, құтқару жұмыстары Атбасар, Целиноград, Ерейметау және Жақсы аудандары аумағында да жүргізілді. Жалпы, ауа-райына байланысты 224 адам және 12 техника құтқарылды. Адам шығыны мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», — делінген хабарламада.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық