jasqazaq.kz

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

11 тамыз 2021, 15:52

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, тағы 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тамыздың 9-да сағат 12:10-да «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 179 шақырымында болған.

«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарған «Шкода» автокөлігінің жүргізушісі арақашықты сақтамай бір бағытта жүріп келе жатқан ZAZ Chance көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ZAZ Chance көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал, осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен «Шкода» автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды», — деді ведомстводан. Қазіргі кезде, «Шкода» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия