jasqazaq.kz

Ақмола облысында жоғалған қыз Шымкенттен табылды

08 тамыз 2018, 10:53

Ақмола полицейлері Қосшы ауылында жоғалып кеткен 16 жастағы Диана Тұрғанбаеваның жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір полицейлері, қыздың туыстары мен Астана қаласындағы Rina.kz еріктілері Қосшы ауылында тұратын 16 жастағы Диана Тұрғанбаеваны іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғалған қыз 3 тамыз күні түскі ас уақытында велосипедпен дүкенге кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Астананың Rina.kz еріктілері таратқан хабарламада айтылғандай, қызбен қоса үйден оның кейбір заттары да жоғалған. Туыстары оның лимон түсті жеңсіз майкасы мен қара көйлегін таппай қалған. Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 16 жасқа жақын уақытта толатын қызды іздестіру жұмыстары екі күнге созылған. Диана Астанада маршруттық автобустың электрондық картасын пайдалану кезінде көзге түсіп қалған. «Жедел топ қыздың жүрген жерімен барып, қандай автобусқа отырғанын анықтады. Ол «Нұрлы жол» вокзалына барған. Полицейлер базаны тексеріп, қыздың Шымкентке дейін билет алғанын анықтады. Туыстары оны дәл сол қаладан тапты», — деді ведомствоның баспасөз қызметінде. Белгілі болғандай, Д. Тұрғанбаева үйде анасынан 30 мың теңге көлемінде ақша алған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде