jasqazaq.kz

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

09 шiлде 2019, 11:16

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Екатеринбург — Алматы автожолындағы ірі жол көлік апатынан тірі қалғандардың жағдайы туралы айтты.

Иғали Instagram желісіндегі парақшасында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен жол апатынан зардап шеккендерге Астрахан ауданы әкімінің қызметін атқарушы Жанар Шахпутова барып қайтқанын мәлім етті. «Қазіргі уақытта зардап шеккендердің бірі Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Тағы бір сырқат аудандық ауруханада жатыр, оның да жағдайы тұрақты ауыр, оны тасымалдауға жарамайды. Тағы бір әйелге ота жасалды. Оның екі баласы Нұр-Сұлтандағы туыстарына жіберілді», — деп жазды облыс әкімінің орынбасары. Оның сөзінше, апаттан зардап шеккендердің бәріне қажет көмек көрсетіліп жатыр. «Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», — деді Иғали.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда