jasqazaq.kz

Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті

26 мамыр 2019, 17:01

Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне төрт кәмелетке толмаған бала түсті. Олар ұйқыға жатарда 15-тен финлепсин таблеткасын ішіп, бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жасөспірімдер аудандық ауруханаға таңертең сағат үштен кейін бірінен кейін бірі түскен. Олар 16, 14 және 13 жаста. Бәрі Олжабай батыр ауылында тұрады.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар ауыр жағдайда болған, қатты уланғаннан денелері құрысып, жүйке жүйесі зақымданған.

«Жасөспірімдер финлепсин препараты арқылы бұлшық етін өсірмек болғаны анықталды. Әрқайсысы 15 таблеткадан ішкен», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Балаларға дәріні ауруханаға түскендердің бірі берген. Айта кетейік, ол «эпилепсия» диагнозымен диспансерде есепте тұрады.

Қазіргі таңда жасөспірімдер жан сақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде жатыр. Балалардың бірі есін жиды.

Финлепсин препараты эпилепсияны емдеуде, соның ішінде науқастың ұстамасы ұстаған жағдайда қолданылады. Осыдан кейін дәрі ұлдардың бірінің қолына қалай түскені айтпаса да түсінікті болса керек. Препаратты мөлшерден тыс тұтыну жүрек пен бүйректің жұмысын, қан түзу, тыныс алу жүйесін бұзады. Бұлшық етті өсіру әсері дәрігерлерге белгісіз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда