jasqazaq.kz

Ақмола облысында республикалық маңыздағы жолдар жабылды

09 ақпан 2021, 17:59

Ақмола облысында қолайсыз күн райы салдарынан республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе, Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолында жағдай қиын. Көлік жүргізушілері ескертуді елемей сапарға шыққан. Қазір Шучинск елді мекенінің тұсында жол сақшылары оларды керіп қайтарып жатыр. Жалпы кешелі бері жолда қалып қойған 94 адам құтқарылған. Олардың 13-і бала. Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығы: — Бурабай ауданынында 37, Ерейментауда 40 адам құтқарылды. Бұдан бөлек, Приречное ауылы тұсында апатқа ұшыраған 5 адамға көмек көрсетілді. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аудырылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған азаматтар жылыту орындарына орналастырылды.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия