jasqazaq.kz

Ақмола облысында полиция департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды

13 сәуiр 2022, 13:29

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған Ақмола облысы полиция департаментінің жоғары лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті мен ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, Көкшетау қаласында арнайы операция жүргізген.

Оның барысында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы және осы басқарманың қылмыстық топтарды әзірлеу бөлімінің аға жедел уәкілі қолға түсті. Оларға материалдық пайда алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

«Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан тергеліп жатқан іске қатысы бар ақша қаражаты алынды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 361-бабының 2-1-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде