jasqazaq.kz

Ақмола облысында өзен жанынан бөлшектенген адам денесі табылды (Видео)

22 маусым 2022, 16:22

Ақмола облысында полиция қызметкерлері адам өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 21 маусымында бөлшектенген адам денесі Атбасар ауданы аумағындағы Жабай өзенінің бөгетінен табылған.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша бір тәулік ішінде марқұмның жеке басы анықталып, оны өлтірген күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ПД хабарламасында.

Полиция қызметкерлері адам өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр