jasqazaq.kz

Ақмола облысында оқушы саны аз 4 мектеп жабылды

18 тамыз 2021, 16:38

Биылғы жылдың жазғы кезеңінде оқушылардың жоқтығынан немесе санының аздығынан 4 бастауыш мектеп жабылды. Бұл туралы брифингте Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ббасқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, жабылған мектептердің қатарында Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп бар. «Ұйымдарды жою тәртібі бойынша барлық іс-шаралар белгіленген тәртіппен өткізілді, оқушылар тасымалдауды ұйымдастырумен жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда», — деді Валерий Гамазов.

Оның айтуынша, атап өткендей, биылғы жылдың 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін барлық тілек білдірген оқушыларға жазғы мектеп ұйымдастырылды. Сонымен бірге, 16-27 тамыз аралығында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша облыста оқыту сапасын арттыру мақсатында 10640 (8,2%) оқушы үшін 206 мектепте жазғы мектептің жұмысы жалғастырылды. Айта кетсек, биыл жаңа оқу жылында облыстың 552 мектебіне 130 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 13659-ы бірінші сынып оқушылары.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия