jasqazaq.kz

Ақмола облысында оқушы қыздан 200-ден аса таблетка тәркіленді

29 қыркүйек 2021, 11:13

Ақмола облысында полицейлер тәуелділікті тудыратын дәрілік препараттар сатты деген күдікпен жасөспірім қызды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің дерегінше, оқушы «Заклад» облыстық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «тауар» үшін кэш жасау кезінде ұсталған. Қыздың сөмкесінен табылған дәрілер апиын қатарындағы препараттарға жататын күшті анальгетик екені анықталған. Мектеп оқушысынан 230 таблетка тәркіленген. «Тәркіленген дәріхана препараты жасөспірімдер мен жастар арасында танымал, өйткені ол энергия деңгейін жоғарылату және көңіл-күйді жақсарту құралы болып саналады. Жастар есірткіге тәуелділік олардың тұрақты қолданылуымен ғана қалыптасатынына сенімді әрі инъекциялық есірткі қолданатын адамды ғана нашақор деп санауға болады деп ойлайды. Алайда бұл препарат героиннің синтетикалық опиаты және оны бірнеше рет қолдану есірткіге тәуелділікті тудырады», — дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Виталий Гудыменко.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптамалар тағайындалған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия