jasqazaq.kz

Ақмола облысында мектеп шатырларын жел ұшырып кетті

24 қыркүйек 2019, 14:16


Ақмола облысында қатты жел бірқатар елді мекендерде ғимараттардың шатырын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 23 қыркүйек сағат 20:00-де Көкшетау қаласында жылдамдығы секундына 28 метр болатын жел тұрған. Күшті жел Азаматтық қорғаныс көпбейінді жоғары колледжінің төрт қабатты ғимаратының шатырын жұлып түсірді.

Салдарынан ғимараттың 200 шаршы метр шатыры бүлінді. «Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ТЖД жеке құрамынан 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 қызметкер мен 1 техника тартылды», — деп айтты ведомстводан. Ал, 24 қыркүйек түнгі сағат 05:00 шамасында Атбасар қаласындағы бірінші шағынауданда орналасқан №3 орта мектеп шатырының аумағы 75 шаршы метр болатын бір бөлігі жұлынды. Сол күні түнгі сағат 01:30-да жел Зеренді ауданындағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің шатырын ұшырды. Яғни, білім ордасының аумағы 630 шаршы метр болатын шатыры бүлінді. «Қазіргі кезде осы төтенше жағдайларға байланысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде», деп толықтырды ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде