jasqazaq.kz

Ақмола облысында мектеп ғимаратын жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырғандар 7 жылға сотталды

08 желтоқсан 2022, 16:34

Ақмола облысында «Еңбек-Аршалы» филиалының басшысы мен мердігер компаниялардың директорлары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы желтоқсанның 5-де Ақмола облысы Аршалы аудандық сотының үкімімен ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Еңбек-Аршалы» филиалы директорының міндетін атқарушы К.М.Асмагиев сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен оның көмекшілері – мердігер компаниялардың директорлары С.С.Жаманшалов пен Н.С.Жаманшалов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Тергеу мәліметтері бойынша, жоғарыда аталған адамдар 2019 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін Аршалы ауданының орта мектебінің ғимаратын жөндеуге бөлінген 26 499 067 теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлаған. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деді ведомстводан.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта