jasqazaq.kz

Ақмола облысында мамонттың сүйегі табылды

28 тамыз 2020, 11:16

Ақмола облысының Бұланды ауданында мамонттың сүйегі табылды. Бұл туралы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Орталық мамандарының мәліметінше, мамонттың сүйегі Новобратск ауылдық округіне қарасты Буденновка ауылының маңынан ағып өтетін Аршалы өзенінің жағасынан табылған. Оны осы ауылдың жергілікті тұрғыны Валерий Дубовик кездейсоқ тауып алып, кейін тиісті органдарға хабарлаған. Мамонттың сүйегі табылған жерге облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Серік Ысқақов пен мамандары барды.

«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына және карантиндік режимнің енгізілуіне, түрлі іс-шараларды өткізуге тыйым салынуына байланысты, Орталық табылған мамонт сүйегін одан әрі терең зерттеуге Қазақстан Ұлттық музейінің ғалымдарын шақыра отырып, осы жерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 2021 жылғы жоспарға енгізу міндетін алға қойып отыр», — дейді Серік Ысқақов.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталық мамандары атап өткендей, кездейсоқ олжа ғалымдар мен зерттеушілерге, ғылыми-зерттеу процесінде қызықты болып, жануарлардың тіршілік ету ортасын кешенді зерттеуге мүмкіндік береді деп отыр. Еске сала өтсек, осыған дейін алып жануарлар сүйектері Зеренді, Шортанды, Жақсы, Целиноград аудандарында табылған болатын. Бұл жолы табылған сүйек осыдан 10 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың сүйегі болуы мүмкін. Оның ұзындығы 1,5 метрді құрайды. Қалыңдығы 30 см жақсы сақталған. Қазіргі таңда, аталмыш мамонттың сүйегі дәйекті әрі егжей-тегжейлі зерттеу үшін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия