jasqazaq.kz

Ақмола облысында қазандық жарылып бір адам мерт болды

26 қараша 2018, 22:54

Ақмола облысында бу қазандығы жарылысынан мерт болған 50 жастағы марқұмды, ауылдастары жер қойнына тапсырды. Ал апаттан сүйектері сынып, зардап шеккен тағы екі азамат ауруханада жатыр. Төтенше жағдай қызметі қазір су жаңа қазандықта болған оқыс оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Жеке меншік ғимараттың бу қазандығы жарылған кезде дәл жанындағы ауыл мектебінде балалар сабақта отырыпты.Мектеп басшылығы бірден оқу процесін тоқтатқан.Өйткені маңайды қою қара түтін мен шаң басып қалған. Жұрт ғимараттағы адамдарды құтқаруға ұмтылған. Апат орнына жабыла жүгірген тұрғындар үйіндінің астында қалған 50 жастағы Сағат Рахмановты құтқара алмаған. Гаражда күзетші болып істейтін ол, бұл жерге аяқ астынан келіп қалған. Отжағушы болып істейтін ауылдасына көмір кіргізуге көмектесіп жүріпті. Қазандық жарылғанда сол жерде мерт болды. Марқұмды бүгін жерлестері жер қойнына тапсырды. Тып тыныш отырған ауылда бұрқ еткен жарылыстан тұрғындар әлі есін жинай алмай жүр.

Рая Миткалик, Приречен ауылының тұрғыны:

-Бәрі жан жаққа ұшты. Шаң аспанға көтерілді.Қабырасы құлап, тақтайлар да жан жаққа шашылып кетті. Шатырым ұшып кете ме деп зәрем қалмады. Адамдарды шығарғанын бәрін көрдім.Жақындауға қорықтым.Сұмдық болды!

Ғимаратқа қосымша салынған қазандық нысанының күл пәршесі шыққан. Ел болып сол жерде зардап шеккен 36 жастағы от жағушыны үйінді астынан әрең алып шығыпты. Сондай–ақ, сол жерден серіктестіктің коммерциялық директоры өтіп бара жатқан екен. 1975-ші жылы туған жігіт ағасына ұшқан тас пен тақтай дөп тисе керек, сол жақ бұғанасын сындырып жіберген.

Елдос Қайыржанов,Ақмола облыстық ауруханасының травмотолог дәрігері:

-Ем қабылдап жатыр. Күйіктен басқа және сүйектері сынған. Күйігі 1- ші 2-ші дәрежелі. Күйігі операциясыз өтеді. Бір науқасқа операция жасалады бұғанасына, терісі жақсы болған кезде.

Қайтыс болған күзетшіні жерлеуге қатысты шығынды да, зардап шеккендерге жұмсалып жатқан қаражатты да серіктестік басшылары өз мойындарына алған. Бірақ, бізге өңірге белгілі кәсіпкер болған жағдайға байланысты сұхбат беруден үзілді кесілді бас тартты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді