jasqazaq.kz

Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан 1 адам мерт болды

07 сәуiр 2020, 21:18

#үйдеотыр

Ақмола облысында қатты дауыл салдарынан 1 адам мерт болды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті.

«7 сәуірде Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында секундына 28 метр жылдамдықпен соққан қатты жел салдарынан машина сарайының шатыры жұлынып кетті. Соның салдарынан 1980 жылы дүниеге келген күзетші жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Шатырдың аумағы мен салу үлгісі анықталып жатыр», — деп атап өтеді ведомстводан. Осыған орай Төтенше жағдайлар комитеті өңір тұрғындарына ауа райының өзгерістерін жіті қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.Еске салсақ, Көкшетауда қатты желден төрт үйдің шатыры жұлынып, 10 аялдама зақымданғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық