
Ақмола облысында бүгін тағы да қар жауды. Бұл сәуір айында табиғаттың осымен үшінші рет тосын мінез танытуы.
Ақ ұлпа әсіресе, аймақтың солтүстік аудандарында қалың жауған. Синоптиктердің айтуынша, таңнан бері өңірде 7 мм қар түсіпті. Облыс орталығында да осындай жағдай. Ал ауа температурасы -2 градусты көрсетіп тұр. Енді тұрғындарды алдағы мереке күндері ауа райы қандай болмақ деген сұрақ алаңдатады. Айта кетейік, 112 қызметі аймақта жел күшейіп, 8 градусқа дейін суытады деп хабарлама таратқан болатын.
Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім жетекшісі:
– Алдағы екі күнде де аймақта осындай ауа райы сақталады. Яғни күн суытып, жауын-шашын түседі. Тіпті тағы да қар жаууы мүмкін. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр мереке күндері күн жылынып, ауа райы қалыпқа келеді.
Дереккөзі: Хабар 24