jasqazaq.kz

Ақмола облысында кәсіпкерге 5 млн теңгедей заңсыз айыппұл салмақ болған шенеуніктер жазаланды

13 шiлде 2022, 13:23

Целиноград ауданының прокуратурасы өтінішті тексеру барысында кәсіпкерліктің қызметіне негізсіз араласу дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Целиноград аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкері тарапынан «Мәншүк АЭ» ЖШС-на ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілген.

Тексеру шеңберінде кәсіпкер объектісінде тамақ өнімдері мен шайындылардың сынамалары алынды және жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген санитариялық көрсеткіштердің асып кетуі анықталған. Осы мән-жайларды ескере отырып, басқарма ЖШС-ның атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіп, ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, оның санкциясымен 5 млн теңгеден астам айыппұл көзделген.

Алайда, прокурорлық тексеру көрсеткендей, басқарма қызметкерінің әрекеттері заңсыз болған. Өйткені тексерілген объектілерде қызметті 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мәншүк АЭ» ЖШС-мен жасалған жалдау шарты негізінде басқа кәсіпкермен жүзеге асырылған.

«Тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған объектілерге «Мәншүк АЭ» ЖШС-нің ешқандай қатысы болмаған, бұл анықталған бұзушылықтар үшін оның жауапкершілігін жоққа шығарады. Целиноград ауданы прокуратурасының актісі бойынша Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқарма қызметкерінің «Мәншүк АЭ» ЖШС-не қатысты жүргізген тексеруін заңсыз деп таныды, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Бақылаудың жоқтығы үшін Целиноград ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы тәртіптік жауапқа тартылды, ал бизнес субъектісінің қызметіне негізсіз араласқаны үшін басқарма қызметкері ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігінің 5-тармақшасымен әкімшілік жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр