jasqazaq.kz

Ақмола облысында инкассаторларды тонады деген күдікпен екі адам ұсталды

11 шiлде 2022, 15:39

Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 7-де сағат 12:00 шамасында Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында төлемдерді қабылдайтын терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға қарақшылық шабуыл жасалған.

«Ақмола облысында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер — Қосшы қаласының 27 және 24 жастағы тұрғындары ұсталды. Анықталғандай, инкассаторлар төлем қабылдайтын терминалдан ақша шешіп алған кезде, беттерін медициналық маскамен тұмшалаған белгісіз екі адам олардың көлігіне баса көктеп кірген. Сондай-ақ, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ауылдың шетіне баруға мәжбүр етіп, 14 миллион теңгені алған соң тайып тұрған», — деп хабарлады ведомстводан. Қазіргі кезде, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы «қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қылмыстың ашылуын полиция департаментінің бастығы Д.Таев бақылауына алып отыр.

«Тергеу амалдары барысында күдіктілердің осы инкассаторлық фирмада жұмыс істегені белгілі болды. Олар ұрланған ақшаны Тайтөбе кентінің аумағында «Нұра» өзенінің жағасына жасырған. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда, басқа адамдардың да осы қылмысқа қатыстылығы пысықталуда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», -деп толықтырды ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде