jasqazaq.kz

Ақмола облысында ІІД лауазымды тұлғалары ұсталды (видео)

15 наурыз 2018, 13:52

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысындағы ІІД лауазымды тұлғаларының қылмыстық ісін әшкереледі. ІІД қызметкерлері «Қазақалтын» ТМК АҚ шахталарының бірінен заңсыз алтын өндірген тұлғалардың қылмысына «көз жұмып» қараған. Бұл туралы Вaq.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қылмыстық топқа Степногорск қаласының ІІБ бастығының орынбасары Т.Д. Дүйсембаев, Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы С.Н. Бибатыров, Бестөбе ауылы полиция бөлімінің бастығы Д.К.Айнагелдинов, Степногорск қаласы ІІБ шұғыл қызметі уәкілеттілері А. Жекібаев және А.Б. Құлышев, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушылары кірген.

Аталған лауазымды тұлғалар жүйелі түрде бірнеше рет шахтаға заңсыз түсіп, еш қиындықсыз алтын қазып алуға рұқсат бергені үшін пара алып отырған.

Тінту кезінде 23 млн теңгеден астам ақша, тапанша, жарылғыш заттар, ұнтақ және бөлшек алтын тәркіленді.

2018 жылдың 14 наурызында ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес күдіктілер ұсталды және Көкшетау қаласы ІІБ уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

https://www.facebook.com/ADGSPK/videos/1633354083417637/?t=2

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде