jasqazaq.kz

Ақмола облысында ет өнімдерінің 12 пайызы сапасыз екені анықталды

01 тамыз 2022, 14:39

Ақмола облысында 2022 жылдың 1 жартыжылдығында ет және ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өнім қауіпсіздігінің мониторингі ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспар-кестесіне сәйкес жүргізілген.

«Өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша өңірде ет өнімдерінің 186 үлгісі іріктеліп алынды, оның ішінде 23 сынама (12,4 пайызы) КО ТР талаптарына сәйкес келмеген. Оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмегені — 8 сынама (4,3%), өнімді таңбалау бойынша — 8 сынама (4,3%) (сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, мемлекеттік тіл және өнім айналымының бірыңғай белгісі туралы ақпараттың болмауы), физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша — 4 сынама (2,2%), өзге көрсеткіштер бойынша (тұтынушыны алдау) — 3 сынама (1,6%) бар», — деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ет тағамдарын дайындау кезінде бүліну белгілері бар еті (тайғақ беті, жағымсыз, тән емес иіс) пайдаланбау, ерітілген етті екінші рет қатыруға жол бермеу, сақтау шарттарына мән беру (тоңазытқыштың бір сөресінде шикі етті және тұтынуға дайын өнімдерді сақтамау), етті мұқият қайнату және қуыру тәрізді бірқатар ережелерді сақтауды, сондай-ақ, тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелеріне назар аударуды ұсынады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде