jasqazaq.kz

Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алды

22 сәуiр 2019, 13:49

Ақмола облысында полицейлер бұрынғы күйеуі кепілге алған әйелді босатып алды. 33 жастағы ер адам аудандық білім беру басқармасының директорының кабинетінде әйелді кепілге алып, балаларын қайтаруын талап еткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

22 сәуірде таңертеңгі уақытта Қорғалжын аудандық полиция бөліміне Қорғалжын аулындағы білім беру басқармасының директорының кабинетінде 33 жастағы ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғаны туралы қоңырау түскен. Жантеке аулының қаруланған тұрғыны 1988 жылғы бұрынғы әйелінен балаларын қайтаруын талап етіпті. Сонымен қатар білім беру бөлімінің ғимаратынан кету үшін көлік сұраған.

Құқық қорғау органдары бірден жұмылдырылып, ғимарат қоршауға алынды. Күдіктіні танитын полиция қызметкерлерінен келіссөз жүргізушілер тобы құрылған.

Нәтижесінде полицейлер кепілге алынған әйелді босатып алды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды. Одан тегіс ұңғылы қару мен пышақ тәркіленді. Оның тегіс ұңғылы қаруға рұқсаты болған. Кепілге алынған әйел босатылды. Оны медициналық қызметкерлер тексерді. Денесінен жарақат белгілері табылған жоқ», — дейді полициядағылар.

Операция барысында көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 261-бабы 2-тармағына (Кепілге алу) сәйкес сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Күдікті 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда