jasqazaq.kz

Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

26 мамыр 2021, 16:17

Ақмола облысында кәмелет жасына толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 25-де сағат 17:23 шамасында Аршалы ауданы ӨКМ кезекшісінен №42 разъезд станциясының жанында белгісіз жағдайларда кәмелетке толмаған екі баланың суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы түскен.

«Іздестіру жұмыстарына Аршалы аудандық ТЖБ жеке құрамынан екі адам және 1 техника, Аршалы аудандық ПБ жеке құрамынан бес адам және 1 техника, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан төрт адам және 1 техника жұмылдырылды», — деді ведомстводан. Айта кетсек, оқиға орнына келген бойда №42 разъезд станциясынан 200 метр қашықтықта суға батып кеткен 2013 жылы туған екі баланың 1-сынып оқушылары екені анықталды.

«Мән-жайларды анықтау, сондай-ақ куәгерлерден сұрау кезінде ата-анасының сұранысынсыз үш бала үйден шығып, жоғарыда көрсетілген учаскеде шомылуға барғаны белгілі болды. Шамамен 16:30 кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне шомылып жүрген ағалары көмек сұрағанын айтты. 16:55 әкесі бір баланың денесін судан алып шықты. Кейін сағат 18:34-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД қызметкерлері суға батқан екінші баланың денесін алып шықты. Сот медициналық сараптама тағайындалды», — деп толықтырды ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия