jasqazaq.kz

Ақмола облысында «билеп тұрған көпір» желіде қызу талқылануда (видео)

13 қазан 2020, 18:09

Желіде Ақмола облысы Шортанды аулындағы «билеп тұрған көпірдің» видеосы қызу талқыға түсті. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Видеодан КамАЗ жолдан өтіп кеткеннен кейін жол екіге бөлініп, ашық жер пайда болғанын аңғаруға болады.

«ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі бұл республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан — Щучинск көлік жол айырығы екенін айтты.

«Ақмола облысы, Шортанды аулындағы 75 шақырымдағы тасжолды пайдалану кезінде эстакададағы металл тақтайшалар арасындағы кеңістік түрінде ақау пайда болды. ҚазАвтоЖол» әкімдік өкілдерімен және Ақмола облысы Шортанды ауданының ТЖД-мен, сондай-ақ «ҚазДорнИИ» АҚ-мен бірлесіп жол өтпесінде комиссиялық тексеру жүргізді», — деді ведомство өкілдері.

Комиссия жол өтпесі бойындағы барлық көлік түрінің қозғалысын уақытша шектеу туралы шешім қабылдады. Жолды Мықтыкөл және Дамса ауылдары арқылы айналып өтуге болады. Мекеме өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Для тех, кто за рулем 🚘 (@kolesa.10)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде