jasqazaq.kz

Ақмола облысында аязды күні жолда қалған 10 адам құтқарылды

28 қараша 2022, 10:24

Өткен жексенбіде республикалық тасжолдарды күнделікті бақылау барысында ҚазАвтоЖол қызметкерлері Ақмола автожолдарында көлігі бұзылып, жанармайы қатып жолда тұрып қалған 10 адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешкі сағат 21.00 шамасында жолшылар екі кішкентай баласы бар отбасына көмекке келді.

Автокөлік багындағы жанармайдың қатып қалуына байланысты отбасы межелі жерге жете алмаған.

Жолшылар отбасын тұрғылықты жеріне жеткізуге көмектесіп, «Астана қаласын айналып өту» автожолының 70 шақырымынан Қосшы қаласына дейін ГАЗель маркалы автокөлікті сүйреп апарды.

Шағын автобус жолаушыларына да көмек көрсетілді. Бұл көлік «Көкшетау-Атбасар» республикалық трассасының 150 шақырымынан табылған. Оны жолшылар Атбасар қаласына дейін сүйреді.

Сол күні кешке Ақмола жолшылары «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1010 шақырымында бұзылып қалған жүк көлігінің жүргізушісін жылыту пунктіне жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, жол бойында штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласқаны жөн.

Өткен демалыс күндері ғана call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта