jasqazaq.kz

Ақмола облысында астан 60-қа жуық адам уланды

12 наурыз 2018, 13:34

Ақмола облысы Шортанды ауылында кафеде берілген астан кейін 58 адам тамақтан уланып қалған. 15 адам ішектің өткір инфекциясымен ауруханаға жатқызылды, ал 43 адам амбулаторлық ем алып жатыр.

Бұл дерекке қатысты Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті эпидемиологиялық тергеу жүргізді. «Уланып қалғандар 6 наурызда Шортанды ауылында асылған ет жегені анықталды. 5 санитарлық талаптар бұзылып, етті асып, турап, 10 сағат жылы жерде сақтаған. Етке жайылған қамыр Егемен ауылындағы үйде жасалған. Содан кейін Шортанды ауылындағы қоғамдық тамақтану орнына жеткізілген», — дейді департамент өкілдері. Ведомство өкілдері барлық уланған адамға медициналық жәрдем көрсетіліп, бақылауға алынғанын, адамдардың жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Департамент өкілдерінің сөзінше, эпидемияға қарсы және алдын ала шаралары жүргізілді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды