jasqazaq.kz

Ақмола облысында әскери бөлімнен сарбаз қашып кетті

15 қараша 2021, 11:58

Ақмола облысында әскери бөлімді тастап кеткен сарбаз іздестірілуде, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 12-де кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан.

Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан.

Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген.

Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

«Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр