jasqazaq.kz

Ақмола облысында әйел адам күйеуінен соққы жеп, мұрнынан айырылды

21 сәуiр 2022, 11:29

Ақмола тұрғыны қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 33 жастағы азаматтық некедегі күйеуінен соққы жеп, мұрнынан айырылды. Бұл туралы аймақтық ПД-не сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. 

19 сәуірде Зеренді ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінгені туралы хабарлама түскен. Дәрігерлер зардап шегушіге «мұрынның травматикалық ампутациясы» диагнозы қойды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа орташа ауыр деңгейде қасақана зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ақмола облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер арасында олардың құқықтарын түсіндіріп, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және зардап шеккендерді егер олар зорлық-зомбылық пен қауіп-қатер объектісіне айналған болса, ІІО-на және дағдарыс орталықтарына уақтылы жүгінуге шақырады. Полицейлер мен қоғамдық белсенділердің барлық күш-жігері жәбірленуші өзінің құқық бұзушысымен татуласқан кезде тиісті нәтижеге әкелмейді», — деп атап өтті Ақмола облыстық ПД.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр