jasqazaq.kz

Ақмола облысында 4 мина табылды

02 маусым 2021, 18:22

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ақмолалық полицейлер өңір аумағынан табылған миналарды залалсыздандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымда Жарқайың аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторынан телефон хабарламасы келіп түсті. «Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағында учаскелік инспектор әскери минаға ұқсас цилиндр пішінді металл заттарды тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды. Снарядтарды анықтау аумағы дереу қоршалды. Тексеру барысында мамандар баллистикалық зымырандарға арналған ескі шахталардан КСРО-ның танкке қарсы төрт минасын анықтады. Жалпы, миналар өте тозған, таттанған және механикалық істен шыққан», — деді ведомстводан. Алайда, мұқият тексеру кезінде екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды тасымалдау қауп туғызды. Сол себепті, бұл миналар сол жерде залалсыздандырылды. Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде