jasqazaq.kz

Ақмола облысында 13 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы екпе салғызды

14 қазан 2017, 17:40

Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай иммунитетті арттыру шарасы басталды.

Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.
Ақмола облысында қазіргі кезде 13 420-дан астам адамға вакцина егілген. Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті берген ақпаратқа сәйкес, 2017-2018 жылғы эпидемия маусымында А типті, соның ішінде А(H1N1) тұмау вирусын активтендіру және өткен жылғы эпидемия маусымымен салыстыра отырып, жаңа штамдарды айналымға енгізу жоспарланып отыр. Өткен жылғы талдау нәтижесіне қарағанда, тұмау және ЖРВИ эпидемиясы желтоқсан айының ортасында, қаңтардың соңы мен ақпанның басында көп таралады.

Осы жылдың 10 ақпанына дейін жалпы 13420 адамға, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 2415 (18%) балаға вакцина егілді. Ересек адамдар ішінде 2136 медицина қызметкеріне, сондай-ақ 167 жүкті әйелге вакцина салынған.

Тұмау және ЖРВИ-дің алдын алу мақсатында эпидемия маусымына Ақмола облысының бюджетінен 65 млн. теңге бөлініп, тұмауға қарсы вакцинаның 75 157 мөлшері сатып алынды. Ресейде жасалатын «Гриппол плюс» тұмауға қарсы вакцинасы қолданылды.

Мемлекет бюджетінің қаржысына өкпенің созылмалы ауруына, жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан балаларға, иммун тапшылығы бар балаларға, әлсіз және тез ауыратын балаларға, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерге вакцина салынады. Есепте тұрған науқастар емханаларда, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген амбулаторияларда тегін вакцина қабылдай алады, сондай-ақ екпе салдырғысы келетін барлық адам сол медициналық мекемелерде ақылы түрде қабылдай алады. Оның құны – 1380 теңге. Тұмауға қарсы екпе 14 күннен кейін қорғаныстық әсерін береді және иммунитет 12 айға дейін сақталады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде