jasqazaq.kz

Ақмола облысында 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды

26 мамыр 2020, 12:16

Целиноград ауданының Талапкер ауылында 1 жасар сәбиден коронавирус табылды. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Ведомствоның мәліметінше, кішкентай науқасқа коронавирус үйіндегі туыстарынан жұққан, ал туыстары Нұр-Сұлтан қаласынан жұқтырған. Науқас Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің станционарында емделеді», дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, эпидемиологияға қарсы шаралар науқаспен және онымен байланысты болған адамдарды белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу бойынша, бекітілген алгоритмге сәйкес жүргізілуде.

«Осы күні өңірдегі стационарларда 167 адам емделіп жатыр. Оның ішінде уақытша стационарда — 18, карантиндік – 124, инфекциялық – 25. Үй карантинінде-664 адам. Жалпы, облыс бойынша барлығы 147 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркелген. Оның ішінде 126 жағдай Целиноград ауданының үлесінде. Ал қалғаны Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Шортанды аудандарында», — деп толықтырды ведомстводан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия