jasqazaq.kz

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті

26 желтоқсан 2020, 17:15

Ақмола облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша кезекті рет «қызыл» аймаққа өтті.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина «қызыл» аймаққа тез өтуге не әсер еткенін айтты. «Бүгін Ақмола облысы «қызыл» аймаққа өтті. Репродуктивті санды есептеу кезінде коронавирус инфекциясының таралуы өткен аптамен салыстырғанда 47 жағдайға көбейіп отыр. Репродуктивті көрсеткіш-1,03. Ол көп болған жағдайда «қызыл» аймаққа өтеді», — деді А.Мусина. Оның айтуынша, жағдай күн сайын өзгеріп отырады. Алдын ала бірдеме айтуға әлі ерте. Сондықтан, өзгерістер туралы алдағы аптада айтылатын болады. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Ақмола облысында COVID-19 расталған 6917 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 56 ақмолалық ауырып, 70 адам сауығып шықты. 411 адам инфекциялық стационарларда емделуде. Өлім саны-94. 25 желтоқсандағы репродуктивті көрсеткіш 1,03 құрады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия