jasqazaq.kz

Ақмола облысы әкімінің орынбасары қазақтың тұлғаларын танымай ма?

10 қазан 2018, 11:23

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына белгілі қаламгер, қазақ әдебиетінің классигі Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты көңіл айту сөзін жазып, Шерағаңның емес, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың суретін салып қойған.

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзінің қандай өрескел қателік жібергенін әлеуметтік желідегі көзіқарақты оқырман шулаған соң барып түсінсе керек, білдей бір облыс әкімінің орынбасары боп отырған шенеунік аталмыш постты парақшасынан өшіріп үлгерді.

Дегенмен, әдебиет зерттеушісі Елдос Тоқтарбай айтуға ауыз бармайтын бұл масқара посттың скриншотын жасап үлгерген екен.

«Осындай адамдарға жаным ашиды. Анау-мынау емес, білдей бір облыс әкімінің орынбасары! Дана Шерағамыз: «Болашақ» деген шығып, бай балалары шет елде оқып, бірсыпырасы сол жақта қалады. Бірсыпырасы елге қайтады. Білімі жақсы, істі біледі. Бірақ тек орысша, ағылшынша сөйлейді. Қазақшасы жоқ. Бір кем дүние» деген-ді. Өкінішті…» – деп жазды Тоқтарбай өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді