jasqazaq.kz

Ақбота Нұр: «Мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды» (видео)

17 ақпан 2021, 11:15

Ақбота Нұр өзінің хиджабты бір киіп, бір шешкенін оған дайын болмағанымен байланыстырады. Дегенмен өнер иесі бәрібір болашақта тағы да орануға ниетті екенін айтты.

Ол бұл туралы «Ревю» бағарламасында сұхбат берді.

«Сөздің ашығына келетін болсам, мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайсың. Ал Instagram желісінде көбісі сұрақ қояды. Оның сексен пайызы оранбаған қыз-келіншектер — маған ақыл үйретенідер. Ал оранған әпкелеріміз керісінше мотивация береді. Бұл жағдай менің дайын болмай келгенімнен шығар деп ойлаймын.

Егер мен дайын болып келсем, мүмкін хиджабты өмірімнің соңына дейін киер едім. Мен бәрібір де әлі үмітімді үзбеймін. Қанша жасқа дейін өмір сүретінімді бір Алла біледі. Алайда, кейін мен немерелерімнің көзінше ашық-шашық болып отырғым келмейді.

Ең бастысы жүректе иман бар. Хиджабқа ешқандай күйзеліс салдарынан келген жоқпын. Біріншіден, хиджаб ешқандай да ойнайтын нәрсе емес. Екіншіден, мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінен жоқ болып кетемін. Бір-екі апта бойы кұйзелісте жүргенімді көрсетпеймін. Себебі, менің проблемам біреуге керек емес», — деді Ақбота Сейітмағамбет.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия