jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова Саят Медеуовті қолдады: «Ұялмайтын топтарға тыйым болатын заң қабылдап берсе»

27 мамыр 2022, 13:08

Бұған дейін белгілі әнші Саят Медеуов Facebook-парақшасында әріптестерін сынап жазба жариялаған еді. Өнердегі әріптестері әншінің бұл сынына қатысты түрлі пікір айтып жатыр. Қолдап жатқандардың қатарында Ақбота Керімбекова да бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қадірлі ұлт жанашырлары! Белгілі өнер иесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов өте орынды мәселе көтеріп отыр! Біз, өнерін ластап көрмеген біздің талантты аға-апаларымыз оны толық қолдап отырмыз!

Расында, есер сөз, ессіз әзіл, есепсіз жындылық құндылықтарымызды күйретіп жатыр. Сөз жүйесіз, өнер иесіз кетті… Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр… Әншейінде, қазақы әннің қалпын бұзбай келе жатқан әншілерді кекеткіш, мұқатқыш, сынағыш қоғам бұл кеселге бас ауыртар емес!.. Мұның бәріне тоқтам болатын тек заң!

Алдағы референдум Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда үлкен маңызға ие болып отыр. Сол науқан былапыт сөздерді өнерге, ғажайып қазақ әніне аралыстырудан жасқанбайтын, ұялмайтын топтарға тыйым болатын заңды қабылдап берсе, өнер адамдарының көкейін көптен күйретіп жүрген іс шешімін табатын еді!

Саналы көрермен, сарабдал тыңдарман бізге қосылады деп ойлаймын!», — деді әнші Ақбота Керімбекова Желіде.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр