jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова: Еріккеннің бәрі әнші болып кетті

13 наурыз 2019, 12:45

Өткір мінезді әнші Ақбота Керімбекова қолына билік түссе төңкеріс жасайтынына сенімді. Әсіресе, шоу-бизнестегі нағыз және жалған әншілерді саралар едім, –  дейді Керімбекова.

Караван жазғандай, Ақбота Керімбекованың бүгінгі эстрадаға көңілі толмайды. Әнші киелі сахнаның ластанып кеткеніне күйінеді. Бұл ретте Ақбота қолында билік болса, не істейтінін айтты.

«Билікке барсам, 1-2 күннен кейін мені өлтіріп кететін шығар. Өйткені шындықты жақсы көретін адаммын. Шындықпен жүретін адаммын. Сол үшін шығар, өмірімде небір сынақтар болып жатқаны. Біреу дұрыс түсінеді, біреу бұрыс түсінеді. Қалай бар, солай өмір сүретін адаммын. Билікке бару менің мақсатымда болған емес. Бірақ шақырып жатса, тазалар едім», — дейді Керімбекова.

Өнерге әрдайым тазалықпен қарайтын Ақбота қолына тізгін түссе, Авгейдің атқорасынан бастайтынын аңғартты.
«Кезінде мен 20-30 шақты әншінің басын қосып, осыны қолған алғанбыз. Бізде қазақта бір кемшілік — бірігушілік жоқ.    Екінің бірі әнші, екінінің бірі сахнада. Еріккеннің бәрі әнші болып кетті. Не айтып жатырмын деген түйсік жоқ. Әйтеуір сахнада жылтыңдап жүргендер өте көп. Айтсаң, біреу көре алмайды деп ойлайды. Өздері не айтатындарын білмегендіктен, жастарды көре алмайды дейді. Қазақтың өнері бұзылмаса, жастар әрі қарай дамытса деген ниетім. Мен үшін қазіргі сахнада тоқырау болып жатыр. Бұйырса ол да бір орнына келеді деген ойдамын», — деп сенім білдірді әнші.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда