jasqazaq.kz

Ақбота Керімбекова: Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын

03 маусым 2021, 16:32

Күні кеше Ақбота Керімбекова жаңа Lexus-570 көлігін сатып алды деген ақпарат тарады.

Алайда әнші мұның жалған хабар екенін айтты. Әншіні жаңа көлігімен құттықтаған Қайрат Әділгерей өз сөзін түсіндіріп берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақбота Керімбекова жаңа басшылық қызметке келіп, бірден Lexus-570 көлігін сатып алды деген ақпарат тарады. Көпшілік басшылықтағылар өз қамын ғана ойлайды деп наразылық білдірді. Бірі құттықтап жатса, енді бірі жағымсыз пікірлер жазды.

Ал әншінің айтуынша ешқандай бастық та емес, көлік те сатып алмаған.

«Уайымдамаңыздар! Бастық та болған жоқпын, Lexus-570 көлігін де алған жоқпын. Қайратжан, болашақта жететін жетістіктеріммен ертерек құттықтағаныңа рахмет. Көңілің қалмасын. Біз ондайға үйренгенбіз. Мақтаса да, даттаса да өз қазағымыз ғой. Сол себепті халқыңның көңілін көтеріп жүре бер», — деп жазды Керімбекова.

Ал әншіні жаңа көлік алды де шулатқан Қайрат Әділгерей былай деді.

«Мен кеше әзілдеп қана айта салғанмын. Ақбота Керімбекова, көлік құтты болсын деп әзілдесем, барлық жаққа тарап кетіпті. Тіпті оқырмандардың жазғанын оқып шошыдым. Көңілім қалды. Керімбекова көлік алған жоқ. Алған күннің өзінде біреудің қуанышын қызғанбай қуану керек емес пе? Небір адам болады екен. Неше түрлі жағымсыз пікірлерді оқыдым», — деді ол.

«Кінәмшіл болу жақсы әдет емес!.. Жақсы көре білейік, жақсыны көре білейік! Бағалай білейік, бағалы болайық!», — деп жазды Керімбекова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия