jasqazaq.kz

Ақан Сатаев 25 жыл отасқан жарымен неге ажырасқанын айтты

02 желтоқсан 2021, 10:39

Ақан Сатаев алғаш рет жұбайы Назира Бақаевамен не себепті ажырасқанын айтты. Танымал режиссер балаларының ажырасуға көзқарасы, қазіргі махаббаты жайлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақан Сатаев пен Назира Бақаева 1992 жылы «Аллажар» фильмінің түсірілімінде танысқан. Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қыз-жігіт болып кездескен екеуі отау құруға бел буған. Бүгінде ортақ некеден туған 5 бала бар. Алайда 25 жылдық неке мен балалар ажырасуға еш кедергі болмады. Сатаевтың айтуынша, бұл екі жақтың келісімімен болған шешім.

«Ажырасуда ешқандай жақсылық жоқ. Бірақ өмір — қиын дүние болып шықты. Кейде ажырасудан басқа жол болмайды. Солай болып қалды.
Бірақ Назира екеуміз бұл сұраққа ересектер сияқты қарадық. Ұрыс-керіс, жанжал деген болған жоқ. Сөйлестік, барлығын таразыға салдық.

Мұны балаларымызбен де ақылдастық. Екеуміз айырылысқаннан, Назира — ана, мен — әке болудан қалған жоқпын ғой. Оны ойласып, ақылдастық. Қазір сол келісімнің аясында өмір сүріп келеміз», — деді Сатаев.

Сатаев жұбайымен екіге кеткеннен кейін, Instagram-да пост жариялады. Режиссер мұны қауесеттің алдын алу үшін жасағанын айтады. Сөзіне қарағанда, жол соңында жұбайы екеуі бір-біріне бақыт тілеген. – Ал енді бақытыңызды таптыңыз ба? — деген сауалға Сатаев:

«Айту қиын, бірақ қазір бізге қолайлы. Махаббат бар деуге болады», — деді.

Киногердің айтуынша, екеуінің ажырасуының себебі қандай да бір сыртқы факторларға байланысты емес.

«Барлығы Назира екеуміздің қарым-қатынасымызға байланысты», — деді ол.

Ата-анасының екіге кеткеніне балалар да түсіністікпен қараған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр