jasqazaq.kz

Әкесінің малын ұрлап істі болды

08 сәуiр 2020, 18:52

Алматы облысы Кеген ауданының полицейлері бірнеше рет бөтеннің қорасынан қой ұрлап, оны заңсыз саудалаумен айналысқан үш күдіктіні ұстады.

Кеген аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі уақытта белгісіз біреулердің қойларын ұрлайтындығы туралы жергілікті тұрғындардан бірнеше арыз келіп түскен. ҚазАқпараттың хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктілердің 19 жастағы жергілікті азаматтар екендігі анықталды. Олар өз істерін толығымен мойындап, одан өзге бірнеше ұрлыққа қатысы барларын жайып салды. Сонымен қатар, топ мүшелерінің бірі әкесінің шаруа қожалығынан ұрлық жасауға көмектескен. Барымташылардың айтуынша, олар бұл іске ақша үшін барған. Қойларды жергілікті тұрғындарға сатып, ақшаны бөліске салғаннан кейін, аталған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі