jasqazaq.kz

Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен мектеп оқушысы жантүршігерлік жол апатына ұшырады

03 қараша 2022, 13:08

Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол апатына түсті. Салдарынан бір адам қаза болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жантүршігерлік жол апаты 1 қарашада сағат 21:30-да «Тараз-Айша бибі» автожолының 1-шақырымында болған.

15 жастағы жасөспірім Айша бибі ауылынан Тараз қаласы бағытына келе жатып, көлікті басқара алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Жүргізушіден басқа көлікте тағы үш жасөспірім болған.

«Жол апаты салдарынан 14 жастағы жолаушы оқиға орнында алған дене жарақатынан қаза болды. Жүргізуші және әртүрлі дене жарақатын алған екі жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары басталды», — делінген хабарламада.

Бірқатар қажет сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-ана рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр