jasqazaq.kz

Әкесінен бала босанды деген оқушы қызға қатысты тың дерек жария болды (видео)

19 қараша 2020, 12:50

Шымкентте туған әкесінен жүкті болып, қыз босанды деген мектеп оқушысы жайында енді басқаша мәліметтер шығып жатыр.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Тәжиеваның айтуынша, оқушының жасы 15-те емес 17-де көрінеді. Оның үстіне өз әкесінен жүкті болды деген әңгіме жалған болып шыққан екен. Алайда бойжеткеннің кімнен жүкті болып қалғаны белгісіз. Туыстары полицияға шағым түсірмегендіктен, іс жарты жолда қысқарып кетіпті.

«Шындығына келгенде, ол — 11-сыныптың оқушысы. Қыздың жасы 17-де болған. Өздеріңіз білесіздер, 16 жасқа дейінгі жүктілік ерте жүктілікке жатады. Қыздың жасы 17-ге келген. Құзырлы органдардан сұрадық, ата-анасының немесе басқа да жақтардан ешқандай арыздар келіп түспеген», — дейді қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Сондай-ақ, қаланың бас педагогы бұл жағдайдың ақпан айында болғанын айтты. Шәкіртінің аяғы ауыр екенін сезген ұстаздар оны кешкі мектепке ауыстырыпты. Қазіргі таңда нәресте қыздың анасының қамқорлығында екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде