jasqazaq.kz

Әкесіне қонаққа барып, көршісінің малын ұрлап отырған

28 тамыз 2019, 12:20

Түркістан облысы Келес ауданының полицейлері 100-ден астам ұсақ малды ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушіге 4 млн 295 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мал иесі полицияға ағымдағы жылдың сәуір айынан маусымға дейінгі аралықта белгісіз тұлға тұрғын-үйінің жанында орналасқан мал қорасынан 78 бас қойы мен 47 бас қозысын жасырын жымқырып кеткені жөнінде арызданған. Жәбірленуші ұрланған қойларының әрқайсысы 40 мың теңге, ал қозылары 25 мың теңге болатынын көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында Келес АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, тәртіп сақшылары жақын аймақтарды аралап көріп шықты. Куәгерлерден сұрастырған. Нәтижесінде, Сарыағаш ауданының тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Оның үйінен айғақты зат ретінде 30бас қой тәркіленіп алынды. Қалғандарын сатып, өз қажеттілігіне пайдаланғаны белгілі болды. Тергеу кезінде сезіктінің әкесі жәбірленушінің көршісі болғаны анықталды. Ол осылайша әкесінің үйіне барып жүріп, көршінің малдарын үш ай аралығында ұрлап келгенін айтқан. «Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдікті өзінің іс-әрекетін толық мойындадын. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда