jasqazaq.kz

Әкесін оңдырмай сабап тастаған жігіт сотталды

12 қазан 2017, 14:17

Павлодар облысы Ақсу қалалық соты сотталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша қылмыстық істі қарады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz .

Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 22 шілдеде Ақсу қаласының тұрғыны мас күйінде үйіне келген. Әкесі наразылық білдіріп, неліктен жұмысқа орналаспай жүргенін және түнімен қыдырып, ұйықтауға кедергі жасайтынын айтқан. Жігіт әкесінің сөзін жеке басын қорлау деп санап, онымен келіспейтінін айтып, әкесіне жұдырық ала жүгірген. Ол бірнеше рет әкесінің басынан, кеуде тұсынан ұрып 3-5 қабырғасын сындырған. Сонымен қатар ол тері асты эмфизема мен пневмоторакс диагнозы қойылып, Ақсу қалалық аурханасына жеткізілген. Сот үкімімен азамат К. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша жоғарылатылған қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде