jasqazaq.kz

Әкесін атып өлтірген қызға сот үкімі шықты

23 желтоқсан 2019, 16:20

Қостанай облысында туған әкесін атып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға 2019 жылғы 12 мамырда Қамысты ауданының Алтынсарин ауылында болған. «Жергілікті тұрғын П. тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарумен әкесі Т.-ны атып тастаған. Әкесі дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен П-ның қылмысты есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді. ҚР ҚК 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды» , — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Туған әкесін атып тастаған қыз психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеу шараларынан өтеді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық