jasqazaq.kz

Әкесін айыппұлдан құтқармақ болған полицей масқара болды (видео)

07 тамыз 2018, 13:26

Мына видеода 27 жылдан бері қалыптасқан қазіргі Қазақстанның бүкіл болмысы жатыр.

Шымкентте полицияда жұмыс істейтін Ерлан деген бір дөкейдің әкесі 888 AEA 13 нөмірлі Lexus 570 көлігімен жол ережесін бұзған екен.

Біздің байлар жылауық қой, ереже бұзған кісі полициядағы ұлына телефон шалып, ұлы әкесін тоқтатқан полицейге «хаттама толтырма, жұмыстан қуса, қуа берсін», деп көкіп тұр.

Ал тоқтатқан полицей бұл әңгімені жазып алған екен. Не деген әділетті полицей дерсіз?!

kolesa.kz сайтының мәліметінше, Қазақстанда мұндай Lexus-тердің орташа құны 14,7 млн теңге тұрады. Осынша қымбат көлік алып, оған жоғары сұраныстағы әдемі нөмір алуға ақшасы жеткен әкелі-балалы енді келіп жол жиегінде тоқтау ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден аянып қалыпты.

Әлде полицияда істейтіндердің ешбір заңға пысқырмайтын құдіреті бар екеніне шын сеніп қалған адамдар ма екен, бұлар?

Енді Ерлан өзін осындай байлыққа жеткізген полициядағы қызметінен айырылып қалса, еш обал жоқ.
Абырой болғанда, бұл видео Шымкенттің Ішкі істер департаментіне жетіпті. Олар бұл оқиғаға қатысты былай жауап берген екен: «Аталған автокөлік ереже бұзған. Ал оның полицей-ұлына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде».

😆 что это было ?)

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде