jasqazaq.kz

Әкесі ұлымен бірге суға батып кетті

03 тамыз 2020, 15:33

Жергілікті тұрғындар Ертіс өзеніне батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткен. — 1 тамыз күні Ертіс өзенінің Сынтас ауылынан бес шақырым жердегі жағалауында отбасымен бірге демалуға келген әкесі мен ұлы суға батып кетті, — дейді департаментте. — Оқиға орнына келген өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 1973 жылы туған үй иесін іздеу жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарына облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің №8 қаулысының 10-шы тармағына сәйкес өңірдің қоғамдық жағажайларының қызметіне тыйым салынғанын еске салады. Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде рейдтер жүргізеді. Ресми коммуналдық жағажайлардың карантин кезінде жабылуына байланысты облыс орталығының тұрғындары Усолка өзенінің сол жағалауында, Ертістің жылы ағысында, шоферлер жағажайында, «Зеленая роща» демалыс базасының жанында шомылуды әдетке айналдырды. Бұл орындар шомылуға тыйым салынған және мұнда шомылу өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі