jasqazaq.kz

Әкесі төрт жасар қызын аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған (видео)

17 қараша 2017, 11:04

Ташкентте төрт жасар қызын аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген ер адам жазаға тартылмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы 1news.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзбекстан» арнасының «Үшбұрыш» бағдарламасы бұл видеоны жалпақ жұртқа жария еткеннен кейін ер адамды милиция іздестіретін болды.

Видеода төрт жасар қыз баланы әкесі соққыға жығып, балағат сөздер жаудырып жатқаны байқалады.

«Сен маған керек емессің. Анаң Түркияда. Ал сені мен иттерше сабап тастаймын», — деп қызына айқайлайды әкесі.

Төрт жасар қыз ұрмауын сұрап жалынған сайын әкесі оған ауыр соққылар жасауда. Телебағдарламаға келген милиция қызметкері ер адам қылмыс жасағанын және жазаға тартылатынын алға тартты.

Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, қыз бала бүгінде анасының қасында. Әйел сот арқылы қызды өзіне алып алған.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз (+18

https://www.youtube.com/watch?v=olc4l-KhXAM&feature=youtu.be

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті