jasqazaq.kz

Әкемтеатрдың ұжымы Президентке ашық хат жазды

13 ақпан 2020, 15:52

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы 94 жылдық тарихы бар театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықовты қызметінде қалдыруды талап етіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жазыпты.

Үшбу хатта Әбдіхалықов театрға басшылық еткен уақытта атқарылған жұмыстар мен ұжым жетістіктері туралы егжей-тегжейлі баяндалып, театрдың қазіргі ахуалы жайлы айтылған.

Ұжымдағыларды алаңдатқан тағы бір мәселе, ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақта директордың жиі ауысуы көрінеді.

«Ұжым бір басшымен жұмыс істеуіне енді үйрене бергенде, ауыстырып жіберетін дәстүр қалыптасты. Жаңа басшы келмей жатып, оны да жақын арада тағы да ауыстырады деген сөз шығатынына етіміз де үйреніп кетті. Бұл фактор театр жұмысының атмосферасына, өндірісіне кері әсерін тигізіп келеді. 94 жылдық тарихы бар Басшылықтың жиі ауысуы ұжымда тұрақсыздық тудырып, қолға алынған істердің аяқсыз қалуына алып келері сөзсіз.

Енді міне, 1 жылға жуық қызмет атқарған Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықовты лауазымынан босатады деген әрекеттер Сізге хат жазуды мәжбүрлеп отыр», деп жазылған хатта.

Ұжымды алаңдатқан осы мәселелердің жауабын білу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға да хат жазылған екен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия