jasqazaq.kz

Әкемнің қорлығынан шаршадым…

10 шiлде 2019, 16:27


Жасым 18-де. Əңгіме менің өмірім жайлы. қиналып кеттім, бəрінен шаршадым. Кішкентайымнан əкемнен көрмеген қорлығым қалмады. 18 жыл бойы анамды ұрып соғумен келеді бала кезімнен көргенім осы. Ішпей-жемей сап-сау кезінде істейді бəрін. Үйдің бүткіл затын қиратып, қолына түскенін лақтырады.

Маған да айқайлап, боқтап айтпаған сөзі жоқ талай қорлықты көріп өстім. Менен кейін інім бар ол қатты қорқып қалған оған да айқайлап тастайды. Ешқашан бізді еркелетіп балам, қызым деп басымыздан сипаған емес. Қабағы бір ашылмайды өз үйімізде аяғымыздың ұшымен жүреміз артық сөйлесек, болды айқайлап өзімен-өзі жұлыгып шыға келеді. Балалық шағымда көргенімнің бəрі əлі көз алдымда анамды шашынан сүйреп газға күйдірем деп белбеумен ұрғаны бəрі-бəрі есімде. Өте қызғаншақ əркімнен қызғанады. Анама маза бермейді, жұмыстан келсе, кіммен жатып келдің деп аузына келгенін айтады.

Жасы біразға келді қоятын шығар десек жоқ əлі сол күйі. Əлі күнге дейін қорлық көріп келеміз. Екеуі ажырасып қайта қосылған. Қосылар кезде енді қолымның ұшында тигізбеймін, ұрмаймын тек балдарымның қасында отырсам болды деп сүмірейіп жылап келген. Бірақ сөзінде тұрмады. Мен одан əрі шыдай алмаймын, шаршадым. Дəрі ішіп өлгім де келген. Өліп-ақ қалар едім, бірақ анам мен інімді ойлап алаңдаймын.

Анама ажырасуға арыз берші, кетейік десем, тындамайды елге күлкі боламыз деп. Əкем өз анасын да, ағаларын да тындамайды бəрі ақылдарын айтып жатыр, бірақ дым нəтиже жоқ. Не істеймін? Қиналып кеттім, өмірдің еш мəні қалмады осындайды көргеннен кейін тұрмысқа шығуға да қорқамын. Сырымды ешкіммен бөлісе алмаймын. Ақылдарынызды айтыңыздаршы! Ұзақ болса кешірерсіздер!

caravan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда