jasqazaq.kz

Әкелер Одағы елімізде энергетикалық сусындарды толықтай тыюды ұсынды

Бүгін, 18:18

Энергетикалық сусындар бүгінде көптеген қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Оны оқушылар, студенттер, жүргізушілер, кеңсе қызметкерлері және басқа да мамандық иелері шаршау, ұйқының қанбауы мен жоғары жұмыс жүктемесін еңсеру мақсатында тұтынады. Алайда қысқа уақытқа сергектік сыйлайтын мұндай сусындардың артында денсаулыққа төнетін қауіптер болуы мүмкін. Бұл мәселе қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.
«Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, коммерциялық мақсатта елге әкелуге, көтерме және бөлшек саудада сатуға толық тыйым салу туралы бастама көтерді. Ұсыныс интернет арқылы сату мен жеткізу қызметтерін де қамтиды.
Қоғамдық бірлестік өкілдерінің пікірінше, қолданыстағы шектеулер мәселені толық шешуге қауқарсыз. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға тыйым салынды. Ал 2026 жылдан бастап бұл өнімдерге акциз салығы енгізілді. Аталған шаралар нарықты реттеу бағытындағы белгілі бір қадам болғанымен, ересек тұтынушылардың денсаулығына энергетикалық сусындардың ықтимал кері әсерін толықтай жоймайды.
«Бізді энергетикалық сусындарды тұрақты тұтынудың ұзақ мерзімді салдары қатты алаңдатады. Әңгіме бедеулік, қатерлі ісік, жас кезде инфаркт алу және өмір сүру ұзақтығының қысқару қаупі туралы болып отыр», – делінген «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Күзембай Бекдайырдың бейнеүндеуінде.

Сурет: pixabay

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия