jasqazaq.kz

Әке, кешір, басқа амалым болмады

06 қараша 2019, 17:28


Әскери қатарластарын өлтірген сарбаз Рамиль Шамсутдинов жасаған ісіне өкінбейтінін мәлімдеген. Бұл туралы сарбазбен кездескен әкесі Салим Шамсутдинов «Подъем» басылымына хабарлаған.

«Жалпы не болғанын айтып берді. Ардагер-сарбаздар оны қорлаған. Маған ұялып: «Әке, кешір, басқа амалым болмады. Не олар мені жоқ қылар еді, не мен. Олардың маған істегендерін кешіре алмаймын», — деді. Ол жасаған ісіне өкінбейді. Мұны әдейі жасаған. Аздап азып кеткен. Өзін еркін сезініп жүр. Көзқарасы ауыр, есейіп қалғандай. Болашаққа көзқарасы жақсы: «Ештең етпейді, шығамын. Мұнда да адамдар бар ғой», — дейді. Ол біздің қолдауымызды сезінді. Әскерилер оның барлық дүниесін тартып алған. Тергеу изоляторында оған спорттық киім берген. Біз оның қыстық киімдерін апарып бердік», — дейді Салим Шамсутдинов. Әкесінің сөзінше, бүгін күдіктіге Мәскеуден адвокаттар келген. 8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр? Еске салайық, 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған. 28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады. Оған қатысты «Екi немесе одан көп адамды өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған «тұлғааралық қақтығыс» және «психологиялық үйлеспеу» себеп болған. Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында «психикалық стресс» те әсер еткені айтылады.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда